Басып шығару
PDF

КОЛАКС бөлшекті мини-зауыттары

Біздің дамыған технологиялар заманында көп адамдар ауылшаруашылық өнімдерін алыс тарихқа айналды деп есептеп қателеседі. Әрине, барлық адам ұнтақтан жасалған дүкеннің сүтін табиғи сиыр сүтімен дәмі бойынша да, сапасы бойынша да салыстыруа келмейтінін түсінеді. Бірақ заманауи мегаполистердің өмір қарқыны көбімізге дұрыс тамақтануға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар табиғи сүт өнімін қала ішінде сатып алу тіпті мүмкін емес. Адамның туылған сәтінен бастап алғашқы тағамы – сүт екенін ұмытпаған жөн. Қазір Ресейде әр адамға жылына шамамен 230 кг сүт келеді және көп адам үшін сүт өнімдері күнделікті тағамның негізі болып табылады.  Сондықтан, біз қолданатын сүт өнімдері табиғи болуы өте маңызды.

«Колакс-М» кәсіпорны соңғы 20 жыл ішінде ауылшаруашылық өнімдерін: сүт, ет және жабайы өсетін шикізаттарды (жидектер, саңырауқұралақтар және жаңғақтарды) өңдеуге арналған  бөлшекті мини-зауыттар мен кешендерді құрастырып, өндіріп және жеткізіп келеді. КОЛАКС сүт кешендері бірегей технологиялар мен сүт өңдеуге арналған заманауы құралдарды қолдану арқылы құрылған. КОЛАКС бөлшекті мини-зауыттар мен кешендері сүт өңдеудің  оны қабылдаудан бастап, дайын сүт және қышқыл сүтті өнімдерін қаптауға дейінгі  толық айналымына арналған. КОЛАКС зауыттарында өндірілетін сүт жіне қышқыл сүт өнімдерінің он бестен астам түрі бар: пастерленген қаймағы алынбаған сүт; пастерленген қаыпқа келтірілген сүт; сары май; пастерленгей кілегей; айран; ряженка; қатық; йогурт; айран (класисикалық); ацидофилин; қаймақ; сүзбе; жұмсақ ірімшік және т.б. КОЛАКС сүт зауыттары мен кешендерінің өнімділігі тәулігіне 300-ден 30 000 кг-ға дейін.

КОЛАКС® дегеніміз жоба емес, дайын «кілтті» бұйым. Алып кел, орнат, қос және жұмысты баста! Бөлшекті зауыт барлық қажетті рұқсат құжаттарымен жабдықталған.

КОЛАКС бөлшекті өндірістерінің түрлері

КОЛАКС мимни-зауыттары мен кешендерінің құрылымдары көлемдік өлшемдері, бекіту бөлшектері, байланыс жүйелері, өндіріс ұйымдастыруының шарттары бойынша барлық стандарттаға сәйкес келеді. Сүт және қышқыл сүт өнімдерін қабылдау, алғашқы өңдеу және дайындау технологиясы, техникалық және технологиялық құжаттамалары Ресей Ауылшарушылық Академиясының Сүт Өнеркәсібінің Бүкілресейлік Институтымен (ВНИИ) бірігіп құрастырылған және РФ МемСанЭпидемБақылау Федералдық Орталығымен келісілген. Зауыттар құрылымының бөлшектік түрі қосымша бөлшектерді жалғау арқылы КОЛАКС кешендерінің иелеріне дайын өнім көлемін және түрін артырып отыруға мүмкіндік береді.

Әрбір КОЛАКС бөлшекті зауытының құрамы тұтынушы талабына және сату ерекшеліктеріне байланысты өзгертіліп немесе толықтырылып тұрады. КОЛАКС өңдеу зауыттары тұрмыстық бөлемелермен (киіну орны, жуыну орны, асүй, қойма бөлмелері және т.б.), дайын өнім мен шикізатты сақтауға арналған тоңазыту камералармен, мұзды су генераторларымен және басқа да амалдармен қосымша жабдықталуы мүмкін.

КОЛАКС мини-зауыттары мен кешендері орта ұжымды ауылшаруашылық кәсіпорындарында, қосымша шаруашылықтарда, жеке малөсіру фермаларында, әскери гарнизондарда және т.б. қолдануға арналған.  Ресей өңірлері мен ТМД елдерінде қолдану бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер тәжірибесінің көрсеткішетріне сүйенсек, КОЛАКС зауыттары 3-10 ай жұмыста ішінде ақталады.

КОЛАКС сүт өнеркәсібін ала отырып Сіз келесі тегін қызметтерге қол жеткізесіз:

  • мамандарды мини-зауыт қондырғыларынжа жұмыс істеуге үйрету;
  • 30 жұмыс күнәнәі шығын материалдары;
  • өнімнің сынақ легін шығару;
  • өніс қаптамасының дизайнын жасақтау;
  • авторылқ бақылау;
  • 12 ай кепілдік қызмет көрсету;
  • бас технологтың кеңестері;
  • және, әрине, кепілді пайда!

Үзақ қызмет жылдары бойы «Колакс-М» кәсіпорны халықаралық және отандық көрмелерде бірнеше рет жоғары атақтармен марапатталған. Кәсіпорын есебінде жиырмадан астам алтын медаль мен елуден астам дипломдар бар. 2000 жылы кәсіпорын Ресейдің XXI ғасырдағы бүкілресейлік ең жақсы 1000 кәсіпорын және ұйым жарысының лауреаты атанды. 2011 жылдың басында «Колакс-М» кәсіпорнының бас директоры РФ азық-түлік өндіру саласындағы жоғарғы сыйлық «Ресейдің молшылығы мен гүлденуі», сонымен қатар тамақ және өідеу өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі үшін Петр Столыпин мадағына ие болды.

«Колакс-М» кәсіпорнының өнімі заманауы нарықтың барлық талаптарына сай келеді және Ресей мен Қазақстаннның сүт өңдеу өнеркәсібінде жоғары бағаланады, мұны Ресей мен ТМД елдерінің көп өлкелерінде қолданылатын 200-ден астам КОЛАКС цехтары растайды.